Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» аясында 101 жоба жүзеге асырылады

0 2

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» аясында биыл 101 жоба жүзеге асырылады. Оған 2,7 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл қаржының жартысынан астамы меценаттар есебінен болады.

Атамекен кіші бағдарламасы бойынша әлеуметтік салаға басымдық беріліп отыр. Тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына тұрғын үй, спорттық алаңдар, балабақша мен сауықтыру лагерлері сияқты 50-ге жуық нысан салу жоспарда бар. Айта кету керек, өткен жылы өңірде 26 жоба жүзеге асырылып, оған 120 мың адам қатысқан. Ал жоспардағы жаңа бастамалар көктем шыға сала қолға алынбақ.

Гүлнұр Ембердиева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

— «Туған жер» жобасы бойынша Қазақстанның қасиетті жерлері галаграммасын алдық. Бұл жобаның аясында біз Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті нысандарына кірген 8 архитектуралық ескерткіш бар Тараздағы. Осыларды енгіздік. Осы жерден бүкіл Жамбыл облысына қатысты Тараз қаласына қатысты мәліметтерді ала алады. 

Лейла Үсенбаева, «Атамекен» бағдарламасының менеджері:

— 2,4 миллиард меценаттар мен кәсіпкерлердің арқасында әлеуметтік салаға жұмсалу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Тараз қаласындағы спорттық кешен соғылуда. Бүгінгі күнге 60 пайызы бітіп қалған. Күн жылығаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады. Бұл жоба меценаттың қаражатына соғылып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін халық игілігіне беріледі.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.