Алматыда Кемерово оқиғасына орай өткен акцияның ойыншықтары балаларға беріледі

0 0

Алматыда Кемероводағы қайғылы оқиғаға орай ұйымдастырылған акция барысында жиналған қап-қап ойыншықтар балаларға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулдығының консулы Ирина Переверзева Фейсбуктегі парақшасында ғимарат маңында жиналған ойыншықтарды ары-қарай не істейтіні туралы айтты.

«Дипломатиялық өкілдік маңында, орындықтарда, үстелдерде, терезелерде, жылыту батареяларында түрлі ойыншықтар жиналды. Ойыншықтардың барлығын жиып теріп, жуып, кептіріп қойдық. Бірнеше қап болды. Дінбасыдан сұрағанымда бұл ойыншықтар күнәсіз балалардың рухы үшін жиналған болса, олар басқа балаларды қорған, желеп-жебеп жүрсін деді. Осыған орай барлық ойыншықтар балаларға таратылатын болды», — деді И.Переверзева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.