Аягөзде қарғын судан зардап шеккен 13 отбасына баспана кілті табысталды

0 2

Аягөзде қоныс тойы жалғасуда. Бүгін қарғын судан үйлері зардап шеккен тағы 13 отбасына салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді, — деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Қазір Шығыс Қазақстанда көктемгі апаттың салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, Аягөзде Семей қаласы мен Тарғабатай ауданының 5 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін 118 миллионнан астам теңгеге 28 отбасына тұрғын үй сатылып алынғаны хабарланған еді. Бүгін олардың қатары 13-ке толықты. Бұдан бөлек Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және «NFS Kazakhstan» ЖШС қолдауымен 2 жанұя баспаналы болды.

«Биылғы көктем біздің өңір үшін оңай болған жоқ. Тасқыннан 2 қала, 5 аудан, 33 елді мекен зардап шекті. Қазіргі таңда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, қаражат бөлінді. Облыс бойынша 23 құрылыс ұйымы жөндеу-қалпыну келтіру жұмыстарын жүргізуде», — деді салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.