Қапшағай қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

0 0

Алматы облысы Қапшағай қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz арнасына сілтеме жасап.

Енді іскер азаматтар «Бір терезе» қағидасы бойынша заң, бухгалтерлік, маркетингтік шаруаларын тындырып, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер жер қатынастары, сәулет, қала құрылысына қатысты сұрақтарға да жауап береді. Одан бөлек мұнда кәсіп ашу бойынша түрлі семинарлар мен оқыту курстары ұйымдастырылады. Орталық қала ғана емес, жақын маңдағы аудан тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Нариман Әбілшайықов, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры: 

«Статистикаға сүйенетін болсақ, республикамызда 180 аудан бар, сол 180 ауданның ішінде Қапшағай қаласында тұңғыш рет осындай орталық ашылып отыр. Бастап жатқан және жұмыс атқарып жатқан кәсіпкерлерге қосымша толық мүмкіншілік пен бір мәлімет береді. Неге десеңіз, көптеген  мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарлама бар. Солар бойынша толық ақпаратты осы бір жерден, осы бір терезе қағидаты бойынша алуға мүмкіншілік туып отыр».

Leave A Reply

Your email address will not be published.