Ресейліктер Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады

0 0

1 мамыр күні Ресей халқы көктем мен еңбек күнін атап өтіп жатты. Көктемнің осынау шуақты мерекесі Ресейде халықтық серуендер мен концерттермен өткізіледі. Бұл жолғы мамырдың мамыражай мерекесі де жылдағы дәстүрден қалысқан жоқ, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA «ҚазАқпарат» ХАА-ға сілтеме жасап.

Мерекеге орай шерулер мен митингілер сондай-ақ Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосібір, Магнитогорск, Самар, Уфа, Волгоград, Челябі, Омбы және елдің басқа да қалаларында өткізілді.

Алайда ең ірі шеру Ресей астанасында ұйымдастырылды. «Бірлік, ынтымақтастық, еңбек — табысты түрде дамудың кепілдігі» ұранымен Қызыл алаңда инженерлер, өнеркәсіптегі құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, жұмысшылар, көлік және әлеуметтік саланың мамандары жүріп өтті.

Мерекелік шеруде сонымен бірге Мәскеу мэрі Сергей Собянин, Мемлекеттік дума мен Мәскеу думасының депутаттары, Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының басшысы Михаил Шмаков, Мәскеу кәсіподақтар федерациясының төрағасы Михаил Антонцев та болды.

Жалпы, мерекелік шеруге 130 мың қатысушы атсалысты.

Шерудің қатысушылары өздерінің мерекелік көңіл-күйлерімен бөлісіп, қазақстандықтарды құттықтап, жалпы мейрам барша еңбек адамдарын біріктіретінін атап өтті.

«Көктем мерекесі — бұл еңбек мерекесі. Бұл күнде барлық жұмысшылар бас қосады. Шынайы тілекпен барлық Ресей мен Қазақстан халқын бірінші мамыр мерекесімен құттықтаймыз», — деді «Теміржол және қала көліктері колледжі» кәсіподақтар ұйымының төрағасы Валентина Пыталева.

Сонымен бірге, жиынға қатысушылардың бір бөлігі қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

«Мәскеудің кәсіптік білім саласындағы мамандары достық қарым-қатынастағы Қазақстанды және ондағы педагогтарды құттықтайды. Жаңа кәсіби мамандарды даярлауда біз оларға табыс тілейміз. Бірінші мамыр күні қос халыққа да үлкен маңызға ие. Тарихи тұрғыда — бұл күн бауырлас елдердің бірлігі күні. Сондықтан, бүкіл Қазақстан халқын Бірлік күнімен шын жүректен құттықтағым келеді», — деп жүрекжарды тілегін айтты «Теміржол және қала көліктері колледжінің» мұғалімі Виктор Анцыгин.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.