Дәрігерлер менингококк инфекциясын жұқтырған баланың денсаулығы туралы айтты

0 0

Астанадағы Балалардың жұқпалы аурулар ауруханасына менингит белгілерімен түскен бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Бала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінен аурухананың профильді бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы жақсарды. Температура, құсу — қазір жоқ. Есін біледі. Белсенді. Қазіргі жағдайы орташа дәрежеде», — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Астанада 3 жасар бала менингит белгілерімен ауруханаға түскен болатын.

Кейін дәрігерлер ол баланың ұзақ уақыт Алматыда болғанын хабарлаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.