Астанадағы Балалардың жұқпалы аурулар ауруханасына менингит белгілерімен түскен бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Бала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінен аурухананың профильді бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы жақсарды. Температура, құсу — қазір жоқ. Есін біледі. Белсенді. Қазіргі жағдайы орташа дәрежеде», — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетсек, 29 мамырда Астанада 3 жасар бала менингит белгілерімен ауруханаға түскен болатын.
Кейін дәрігерлер ол баланың ұзақ уақыт Алматыда болғанын хабарлаған еді.