Шу ауданына Мәди Ахметов жұмыс сапарымен барды

0
42

Шу ауданына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Алматы қаласының Наурызбай аудандық мешітінің бас имамы Мәди Ахметов жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлады «ZhambylNews» АА.

Мәди Ахметов ең әуелі Шу қаласындағы «Жами» мешітінде болып, ондағы жамағатқа «Тақуалық – имандылық айнасы» тақырыбында уағыз айтты.

Сонымен қатар, жиында күнәлі істерді жасамау, ішімдік ішпеу, сақал қою төңірегіндегі мәселелерге байланысты сөз қозғап, жамағат тарапынан дініміздің сеніміне байланысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі  Шу қаласындағы қант зауыты мөлтек ауданында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде де болды.

Бұдан кейін аудандық мәдениет үйінде облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, экстремизм мен терроризмге қарсы бағытта түсірілген «Шестой пост» атты фильм аудан оқушыларының назарына ұсынылды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here