Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жамбылдықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

0 52

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесімен жамбылдықтарды құттықтады, — деп жазады «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қымбатты Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері!
Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді мәртебесі биік, орны ерекше 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті, мұқалмас елдік пен ержүректікті, бостандық пен бейбіт өмірге құштарлықты бейнелейтін ұлы мереке.
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста батырлықтың өлшеусіз үлгісін танытқан жауынгерлер рухының алдында тағзым етіп, басымызды иетін күн.
Бүгінде, облыс бойынша от пен оқтың ортасынан оралған майдангерлердің 75 арамызда. Ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлік жолдарын жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету біздің парызымыз.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де батыр бабаларымыздың ұлы ерліктерінің жалғасы. Аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлыққа толы күн-тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Егемен еліміздің аспаны ашық, бейбіт өмірі баянды болсын!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ
Облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.