Мойынқұмда кен тастарын жинаған 8 адам ұсталды

0
298

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында құрамында алтыны бар кен тастарын жинаған 8 азамат ұсталды,-деп хабарлайды “Zhambylnews” AA облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 27 шілдесінде Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне құрамында  алтыны бар кен тастарын жинайтын азаматтар туралы хабарлама түскен.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар 4 қап  кен тастарын тәркіледі.    Іс бойынша 8 күдікті ұсталды. Олар «УАЗ»  маркалы үш бірдей көлікті пайдаланған.   Тәркіленген руда тастарына сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334 б.1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here