Президент жолдауында күрделі мәселелердің шешімі қамтылып отыр

0 2

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған Президентіміздің алғашқы жолдауында еліміз қажет ететін бір қатар күрделі мәселелердің шешімі қамтылып отыр, — деп пікір білдірді Тараз педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі жазады.

-Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруыішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу міндеттері экономиканы көтеретініне біз сенімдіміз.Бұл жолдаудын басқа жолдаудан негізгі ерекшелігі мемлекеттін экономикаға көз қарасының түбегейлі өзгеруі. Бұның ішінде мемлекеттін экономикаға әсері мемлекеттік секторлардың бәсекелестік нарыққа көңіл бөлуі,мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың  тиімділігін талдау бойынша  мемлекеттік компаниялардың  саның азайту туралы берген тапсырмалары –экономиканы инклюзивті экономикаға апаратын жол.

Әсіресе, білім беру сапасын жақсарту тұрғысында айтылған нұсқаулықтарымына біз, білім саласы қызметкерлерінің көңілінен шығып отыр. Жолдаудағы мәселелер қарқынмен жүзеге асса елімізде жұмыссыз жүрген жастардың саны азайып, білімді, кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар саны артары сөзсіз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз сөзінде, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керек,- депатапөтті. Расында қазір ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы айқын байқалады. Сондықтан бұл жолдада біздің оқу орыны атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі күшейтіп, белсінділікті арттырмақ.

Жолдауда атап көрсетіліп, үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және жұмыспен қамту, еңбек ақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.

Енді айтылған міндеттерді қажырлы еңбекпен, бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Нәтижесінде, мемлекетіміздің даму жолытағы да бір сатыға көтерілетіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.