Тұрар Рысқұлов ауданының намысын қорғап жүрген құрама 4 жыл бұрын құрылған

0
27

Облыс деңгейінде ауданның намысын қорғап жүрген құрама төрт жыл бұрын құрылған. Оның құрылуына, әлі күнге дейін сақ­талуына үлкен үлесін қосқан жан­дардың бірі – Ералы Сағыналиев, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Өзі аудандағы жеке аурухананың бірінде тіс дәрігері болып қызмет етеді. Ақ халатты абзал жан футбол ойнаудың жұмысына еш кедергі келтірмейтінін, қызметкерлерінің жеке қызығушылығын жақсы түсінетін басшыларының бар екенін айтады. «Біздің құрамада он сегізге жуық адам бар. Жігіттердің барлығы әр салада қызмет етеді. Қызметіміз сан түрлі болғанымен, қызығушылығымыз ортақ. Жоғарыда айтып өткенімдей, төрт жыл бұрын құрылғанбыз. Алғашында аудандық облыстық деңгейде ұйымдастырылған кіші футбол жарыстарына қатысып жүрдік. Кейіннен өздеріңіз білетіндей облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қолдауымен бастау алған турнирге қатысудамыз. Тобымызда Қордай, Мойынқұм, Меркі және Шу ауданының құрамалары бар. Жуырда І айналым ойындары өз мәресіне жетті. Нәтижеміз жаман емес, көңілге қонымды. Ал, жуырда ІІ айналым ойындары бастау алады. Қазіргі таң­да соған дайындық жұмыстарын жүр­гізудеміз. Бәрі сәтті болса, жоғары орындардан көрінеміз деген ниетіміз бар» — деп құрама­ның бүгінгі тіршілі­гін баяндап бер­ді Ералы Сағыналиев.

Әлемдегі ең бірінші орында тұрған қай спорт десек, ойланбастан футбол деп жауап беретініміз түсінікті. Өйт­кені, оған дүние жүзі бойынша мил­лиардтаған адам қызығады. Ойнай­ды. Жанкүйерлік етеді. Аталмыш спорт түріне тек қызығып қана қоймай, сүйсіне ойнайтындар қатарында біз­дің жерлестеріміз де баршылық. Олар кәсіпқой деңгейде доп теппесе де, әуесқойлар қатарынан төбе көрсетіп жүр.

Сонымен қатар, маңызды ойын кезінде сол қапталда шабуылшы ретінде доп тебеді. Оған шабуыл шебінде Ержан Сайлау есімді жігіт көмектесіп отырады. Одан бөлек, команда да Нұрлан Мадалиев, Дидар Майко, Нұрлан Сахаев, Асхат Хасен, Елдар Молдашев, Дулат Сүлейменов сынды жігіттер бар. Ал, команда қақпасын күзету міндеті құрамның ең жас ойын­шысы Қайсар есімді 10-шы сы­нып оқу­шы жігітке сеніп тапсырылған.

Бізге облыстық біріншілікке қатысу үшін аудан әкім­дігінің спорт және денешынық­тыру бөлімі қолдан келгенше барлық жағдайды жасауда. Дегенмен, біздегі басты мәселенің бірі – стадион. Аудан ау­мағында орналасқан орталық стадион турнир талабына сай емес. Сол себепті де, үйдегі және сыртқы ойындарды да Қордай мен Шу аудандарында ойнап жүрміз. Егер де орталық алаң күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе, аудан тұрғындарына керемет футбол кешін сыйлар едік» — дейді Ералы Сағыналиев.

Ала допты ұршықша иіретін жігіттердің алаң ортасында ойқастап, қарсыластарын қапы қалдырып, қақпаға доп дарытқанын өзіміз де көргіміз келеді. Бірақ, бұл өкінішке орай әзірге мүмкін емес. Дегенмен, аудан намысын қорғап жүрген жігіттерге еш мойымай, әр ойында жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің жеңімпазы атануларына шын жүректен тілектеспіз.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here