Жамбыл облысында бір реттік шприцтер шығарылмақшы

0 1

Өңірдегі медициналық бұйымдар өндіретін «Super pharm» ЖШС медициналық бұйымдар үшін шикізат өндіру цехын іске қосуда (құны — 4 млн.АҚШ доллар) және 2021 жылдан бірреттік медициналық шприцтер шығаруды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Ал, «Амир және Д» ЖШС-гі а.ж. қыркүйек айында экспресс–тесттер шығаруды бастайды, (құны -2,2 млрд.тг). Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте  облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова  айтты.

Мемлекеттік бағдарламалардың көмегінің нәтижесінде облыстың әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштері былтырғыдан және орташа республикалық деңгейден жоғары қалыптасты.

6 айдың қорытындысымен экономикалық өсім 101% құрады. Атап айтқанда, сауда мен көліктен басқа өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артты.

250,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 10,9%-ға артты. 139,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, 6,4%-ға ұлғайды.

Инфляция деңгейі 104,2%-ды құрады, жұмыссыздық деңгейі 4,8%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5% құрады (237,5 млрд.тг). Өнеркәсіп құрылымындағы 73% өнім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Саладағы өсімге кен өндіру өнеркәсібінің 3,1%-ға, электрмен жабдықтау 8,6%-ға, сумен жабдықтау 11,6%-ға артуы есебінен қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінде 100% қалыптасты.

21 мың жаңа жұмыс орны ашылды (жоспар — 16,1 мың), 9,6 мыңы тұрақты, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 20 мыңнан аса адам қамтылып, 17,3 мың адам жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 61,2 млрд. теңгеге 831 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, 15,8 мың жұмыс орны ашылды (жоспар — 19 мың).

«Ауыл — ел бесігі» жобасымен бөлінген 7,4 млрд. теңгенің есебінен 15 жаңа әлеуметтік нысандар салынуда, 10 нысан күрделі жөнделуде, 84 ауыліші жолдары орташа жөнделуде. 1 мың жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде орташа жалақы 28,3%-ға (144 мың тг), табыс – 17,3%-ға артты (77,4 мың тг)

Leave A Reply

Your email address will not be published.