Қордайдағы мобильді топ кешкі рейд жұмыстарын жүргізуде

0 5

Қордайда арнайы мобильді топ аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп аудан орталығындағы сауда дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарында рейд жұмыстарын жүргізуде, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Арнайы бақылау тобының құрамына аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен ішкі саясат бөлімінің өкілдері бар.

Тексеру жұмыстарының барысында азық-түлік дүкендері мен дәмханалардың Бас санитарлық дəрігер енгізген талаптарға сай емес нысандарға Заң аясында айыппұлдар салынуда.

Айта кетерлігі, аудандағы күнделікті кешкі рейд барысында сағат 20:00-ге дейін дәмханалар мен кафелер жабылатындықтары көңілге қуаныш сыйлауда. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.