Қордайдағы «Автостоп» дүкені шектеу шараларын бұзған

0
15

Қордай ауданында түнгі рейд жұмыстары барысында шектеу шараларын сақтамаған нысандар анықталды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қордай ауданында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған мобильді топ мүшелері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейд жұмыстарын үздіксіз жалғастырып,  аудан орталығындағы мейрамханалар, дәмханалар, сауда орындары және өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен саябақтарға тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, түнгі 22.00 -де аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы дыбыс күшейткіш құралдары арқылы әрбір көшеге карантиндік режимді сақтау бойынша хабарлама жасап отырады.

Осындай үздіксіз атқарылған жұмыстардың нәтижесінде халық бірінші кезекте тұтыну заттары мен азық-түлік дүкендері күндізгі уақытта белгіленген уақытқа дейін жұмыс жасап, санитарлық талаптарды сақтап отырғандығы көңіл қуантады.

Рейд жұмыстары барысында орталықтағы азық-түлік дүкендер мен дәмханалар белгіленген шекті уақытта жауып, қауіпсіздік шараларын түсіністікпен қарап отырғандығы байқалады.

Десе де, Қордай ауылындағы «Газпром» жанар-жағармай құю бекетіндегі кафетерий мен «Автостоп» дүкенінде шектеу уақыты сақталмағандығы анықталып, нысан иелерінің құжаттары аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here