Мойынқұмда көне дәстүр қайта жаңғырды

0 4

Елбасының Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Үздік ауыл» байкауына үміткер Биназар ауылында «Ұмытпайық қазақтың салт-дәстүрін» тақырыбында, қазақтың «Қыз көру» салтын насихаттады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Шара Биназар ауылдық клуб ұжымының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Негізінде салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз ауылына барады.

Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға хақысы жоқ. Керісінше жігіттерде салтанатпен қарсы алады. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда, «Қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан.

Осындай жолда бірін-бірі сынаған қыз-жігіттер айтысқа түседі. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда құдалық жолы жалғасқан).

Leave A Reply

Your email address will not be published.