Сарысуда әмбебап құрылыс материалы дайындалуда

0 1

Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Шукеев Ұ.Сыздықбайұлы ауылында жұмысын жаңадан бастаған газоблок шығаратын шағын кәсіпкерлік нысанының жұмыс барысымен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Нысан иесі Жеке кәсіпкер А.Уайсова Ұ.Сыздықбайұлы ауылының бойынан жер учаскесін алып, нысан құрылысын жүргізіп, ауылға инвестиция салған. Газоблок шығаруға қажетті аппараттар мен құрылыс материалдарына 2 млн. теңге қаражат жұмсап, бүгінгі таңда екі азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерлік нысанының бір күндік қуаты сұранысқа байланысты 3 м3 дейін газоблок шығарып отыр.

— Қазіргі уақытта Сарысу ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Осы құрылыс жұмыстарына қажетті материлдарға сұраныстың артуына байланысты, кәсіптің осы түрін қолға алуға кірістім. Сұраныстар уақыт өткен сайын артып жатыр. Келешекте одан әрі ұлғайту жоспарда бар, — дейді жеке кәсіпкер А.Уайсова.

Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газоблоктар түрлі өлшемдегі ғимараттарды салуға сондай-ақ қала сыртындағы шағын үйлер мен аспан тіреген зәулім үйлер құрылысы мен демалыс және сауда орындарының каркасты негіздеріне салуға көмектеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.