Жамбылдық жастар шыңды бағындырды

0 0

Жамбылдық жастар шыңды бағындырды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Конститутциясына 25 жыл және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Жамбыл ауданының әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» мен «Геккон» спорттық-туристік клубы «Достық шыңы» атты альпиниядасын ұйымдастырды.

Өңірдің туризімдік саласын ілгерілету, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отан сүйгіштікке және достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен альпиниядаға қатысқан жамбылдық еріктілер Т.Рысқұлов ауданында орын тепкен Қырғыз тау қыратында (Батыс Тянь-Шань) орналасқан биіктігі 3817 мертге жетіп жығылатын «Сұлу төр» (Северный Манас) шыңының маңына еліміздегі ұлтаралық достықты нығайту үшін тауға «Достық шыңы» атауын берді.

Альпинияданың соңында шыңды бағындырған жастарға сертификат табысталды.

– Бүгін аудан жастарымен үлкен іс атқардық. Олардың бойындағы ыстық қайрат, алға қойған межеге деген талпынысы бұлтпен көмкерілген құзды бағындыруға көп септігін тигізді. Осы аудандық газеттегі сұхбатымды пайдалана отырып, жамбылдық жастармен мақтанатынымды айтқым келеді, – дейді аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахимжанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.