Сарысуда пандемия кезінде белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды

0
19

Сарысуда пандемия кезінде ​аудан көлемінде ұйымдастырылған түрлі шараларға атсалысып, белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов пандемия кезінде бетперде тігу, оттегі баллондарын тасу, медициналық нысандарды кезекшілік өткізу, дәрігерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында игі іске көмектескен, жанашыр азаматтарға алғыс айтты.

— Қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өз азаматтық ұстанымдарын көрсете білген баршаңызға алғысым шексіз. Қашан да бірлігіміз арта берсін. Еліміз аман болсын, — деді аудан әкімі.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here