Тараз жері – тұнған тарих

0 157

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желі парақшаларында филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақпен «Тараз жері-тұнған тарих» тақырыбында онлайн кездесу өтті, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Кездесу барысында Сәмен Оразғалиұлы «Тараз мұралары» көптомдық жинағының тарихына жете тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен таныстырды. Сонымен қатар, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының маңызы мен міндеттерін айта отырып, М.Х.Дулати туралы құнды ақпараттармен бөлісіп, қазіргі таңда қолға алынған зерттеу еңбектерінің мазмұнын онлайн оқырмандар назарына ұсынды.

Кітапхана қонағы тақырыпқа байланысты онлайн оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшудің қажеттілігіне тоқталып, жастарға рухани құндылықты бойына сіңіру мақсатында өмірлік азық болатын пайдалы кеңестер берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.