Өңірде пандемия кезінде ерікті түрде көмек берген азаматтар марапатталды

0 3

Өңірде «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамуға 30 жыл» атты облыстық конференциясы өтті. Конференцияға қиын қыстау кезеңде ерікті түрде көмек берген азаматтар «Жомарт жүрек» байқауының дипломдарымен марапатталды, деп жазады «ZhambylNews” AA.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада Мойынқұм ауданынан Мойынқұм ауданы, Қызылотау ауылдық округінің тумасы Кәмшат Малдыбекова «Туған өлке» номинациясын иеленді.

Кәмшат Мырзақұлқызы үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап пандемияны алдын алу мақсатында «Туған жерге қызмет» акциясы аясында ауданының белсенділері және туған жерден түлеп ұшқан, сыртта жүрген қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкер азаматтарға үндеу тастап, әлеуметтік ватсап желісі арқылы топ (чат) құрып, шарапаты мол игі бастаманы қолға алғаны бәрімізге белгілі.

Бұл үндеуге немқұрайлы қарамаған көптің қолдауымен жиналған 5 миллион 100 мың теңге қаражатқа белгілі айтыскер ақын, Айнұр Тұрсынбаеваның ашқан «Айдың нұры» қайырымдылық қоры арқылы індетпен күресуде аса маңызы жоғары 17 оттегі концентраторы аппараттарын және өкпенің қабынуы кезінде үлкенге-кішіге қолдануға болатын 17 дана небулайзер аппараттарын, өкпедегі оттегіні анықтайтын 11 дана пульсоксиметр, 100 дана төсек жабдықтары, Мойынқұм, Бірлік ауылдық ауруханаларына бір-бір дана кір жуғыш машиналарын алып, аудандық орталық ауруханаға тапсырса, қалған 600 мың теңгеге 45 отбасыға азық түлік және 7000 дана бетпердені халыққа таратып ел алғысына бөленген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.