Мойынқұм ауданының әкімі озаттарды қабылдады

0 2

Мойынқұм ауданының әкімдігінде аудан әкімі Мәден Мұсаев 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай бірнеше еңбек ардагерлері, еңбек озаттарын қабылдады, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

— Біздің елімізде Тұңғыш Президент күні айтулы мерекелердің бірі. Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуі, басқа да алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылуы жолында көп еңбек сіңірді. Ен бастысы — көп ұлтты мемлекетімізде халықтар достығын, елдің бірлігін сақтады. Елімізді алыс-жақын шет елдерге танытты. Аз уақытта Нұрсұлтандай әсем қала тұрғызылды.
Ал сіздер ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына көп үлес қостыңыздар, қосыпта келесіздер. Біз ұстаздар мен дәрігерлердің, басқа да сала қызметкерлерінің еңбектерін ерекше бағалаймыз. Сондықтанда сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы.

Бұдан кейін аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтарға «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» естелік медальі мен аудан туралы шыққан «Мерейлі өлке Мойынқұм» атты түрлі-түсті фотоальбом табыс етілді.

Кездесуде аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев, Мойынқұм су бөлу торабының инженері Бәкен Бейсебаев марапат иелерін құттықтап, осындай сый-құрмет жасаған аудан әкімі М.Мұсаевқа алғыстарын айтты.

Сондай-ақ, Алматы қаласынан келген белгілі спортшы Жамбыл Әмірбеков өз тілегін өлең жолдарымен жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.