Мойынқұмда ауыл қариялары жастармен кездесті

0 5

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Nur Otan партиясының желілік кестесіне сәйкес Мойынқұм аудандық партия филиалының ғимаратында «Елорда- елдің бірлігі, Елбасы ерлігі» атты тақырыпта ауыл қарияларының жастармен кездесуі өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Кездесуді «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыру бөлімінің басшысы Еркебұлан Абасов ашып, жүргізіп отырды.

Шараға аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестерінің төрағалары Жамбыл Қалыбаев, Болат Сатыбалдиев, ауданның Құрметті азаматы Бекмұрат Жамбылов, еңбек ардагері Сәбит Оразымбетов және ауыл жастары қатысты.

Кездесу барысында сөз алған еңбек ардагерлері Елбасымыз Н.Назарбаевтың ел басқарған 30 жылға жуық мерзімде есепсіз көп нәрсені істегенін, оның мемлекет құру, оны қалыптастыру, баянды ету, әлемге таныту бағытында атқарған қыруар тірліктерін атап өтіп, Елбасының тарихтағы рөліне тоқталды.

— Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз үшін мақтана алатын халықпыз. Елбасымыз үшін мақтанғанымыз – елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Бүкіл түркі дүниесінің, алты алаштың айбары мен қорғаны болып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін! — деді олар.

Шара соңында жастар аға ұрпақ өкілдеріне өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.