Шалғайдағы Мойынқұм ауданының 70,8% ауыз сумен қамтылған

0 0

Мойынқұм ауданында 24 ауылдық елді мекен болса, бүгінгі таңда оның 17-сі немесе 70,8% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Ауданда 2019 жылы 258,5 млн. теңгеге ауыз су құбыры құрылыстарының жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жобалық құны 426,3 млн теңгені құрайтын «Қылышбай ауылындағы ауыз су ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу» нысанына 111,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылға осы жобаны аяқтауға 302,0 млн. теңге қаражат қарастырылып игерілген.

2019 жылы басталған жобалық құны 996,4 млн. теңгені құрайтын «Балқаш көлінен Бұрылбайтал стансасына дейін су құбыры және су қабылдау ғимараттары құрылысын салу» , 583,6 млн. теңгені құрайтын «Бұрылбайтал-Мирный-Қияқты топ су құбыры құрылысын салу» жұмыстары биыл толық аяқталды.

2020 жылға жобалық құны 780,0 млн. теңге болатын «Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» жобасын қаржыландыруға өтінім берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.