Қордайда сайлауалды бағдарламаның негізгі 7 басымдығы түсіндірілді

0 3

Қордай ауданында әлеуметтік қызмет көрсету филиалының директоры, партиялық тізімге енген кандидат Айнұр  Алматаева партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау аясында ұжымда кездесу ұйымдастырып, бағдарламаның негізгі 7 басымдығын түсіндірді, — деп жазады «ZhаmbylNews» ақпарат агенттігі.

Қарт адамдарға қамқорлық жасау мемлекеттің және бүкіл қоғамның басым міндеттерінің бірі болып табылады. Өкінішке орай, бүгінде қоғамымызда жалғыз және дәрменсіз адамдар санаты жоқ емес. Оларға көмек және қолдау көрсету үшін Қордай ауданында 3 жыл бұрын № 1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының филиалы ашылған және қазіргі уақытта мұнда 14 адам орналасқан. Мекемеде 15 қызметкер жұмыс істейді, Ұзақ мерзімге созылған карантинге байланысты филиал жабық режимде жұмыс істеуде, сондықтан қарт адамдарға 5 адам 7 бағыт бойынша яғни, психологиялық, әлеуметтік, медициналық, еңбек, экономикалық, тұрмыстық, құқықтық қызмет көрсетеді.

Ауданда қарт адамдарға қолдау көрсетумен қатар тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккен адамдарға да көмек көрсетіледі. ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді, ол 15 төсекке есептелген және қызмет алушыларға 8 түрлі қызмет көрсетеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық. Алдағы уақытта отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған орталықта кандидат тарапынан «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмысы жүргізілетін болады.

«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.