«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Семейдегі сайлаушылармен кездесті

0 0

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттар «КАЗПОЛИГРАФ» кәсіпорнында болып, еңбек ұжымымен пікір алмасты. Бүгін сондай-ақ ақжолдықтар Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында Семей қаласының тұрғындарына арнап кездесу өткізді. Кездесу барысында «Ақ жол» партиясынан Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Әлеуметтік әділеттілік — партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Ақжолдықтар ел азаматтарына деген қамқорлық медицина, білім беру, тұрғын үй және лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады деген ұстанымда. Алайда, бұл салалар қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жемқор шенеуніктердің ұрлығынан зардап шегуде.

Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін партия несие алуда халыққа бірқатар жеңілдік жасалуы керек деп есептейді. Атап айтқанда, ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін  7-8% — дан аспайтын етіп бекуі қажет. Оған қоса халық жинақтарын ұқыпты ұстау үшін БЖЗҚ және әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығы да қамтамасыз етлуі керек

Leave A Reply

Your email address will not be published.