Қордайда кандидаттар көпбалалы аналармен кездесті

0
22

Елімізде келесі жылдың 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттардың кезекті сайлауына орай «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков, депутаттыққа кандидаттар Айман Ашимова, Қарлығаш Қыпшақбаева, Мадияр Қарабаев, Азамат Абдулла және Айбай Айдарбек үгіт-насихат жұмысымен Өтеген ауылында болды, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Кездесуде үміткерлер көпбалалы аналармен кездесіп, біраз әңгіменің түйінін тарқатты. Мәселен, үміткерлер партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Сол жұмыстардың бірі Өтеген ауылында атқарылып, жаңа ауыз су жүйесі салынып, сондай-ақ ауылға көптен күткен табиғи газ құбыры тартылды. Осыдан кейін жиында кандидаттар «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын назарға ұсынып, 2025 жылға дейін атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Бұл қатарда жаңа су қоймасы, мектептер, тұрғын үйлер, жолдар, интернет желісі және өзге де маңызды жоспарлар бар.

Көпбалалы аналарды қолдау мәселесі де назардан тыс қалмады. Жалпы, тұрғындарды әлеуметтік жағынан қолдауды арттыру партияның арқау болған бағыттарының бірі екені айтылды. Бұл қатарда жәрдемақыны тағайындау және көбейту, іскер әйелдерді қолдау, балаларға қамқорлық көрсету және тағы басқасы.

«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here