Батыр атындағы ауыл көркейіп келеді

0 19

Жуалы ауданына қарасты Бауыржан Момышұлы ауылы көркейкіп келеді , деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Бауыржан Момышұлы мен Көктөбе ауылдарының аралығындағы жалпы алаңы 30 га болатын 170 жер телімін жер кезегінде тұрған азаматтарға беру жұмыстары жүргізілуде.

«Бауыржан Момышұлы ауылы тұрғындарының қосалқы шаруашылығына суғармалы су жеткізіп беру» жобасы бойынша Ақсай өзенінен ұзындығы 4,8 шақырым су құбыры тартылды.

Аумақтық дамыту бағдарламасы шеңберінде және бюджет есебінен Бауыржан Момышұлы ауылында мынандай жұмыстар атқарылды. Ауылдағы барлық жолдарды орта жөндеу құрылысына – 9 жоба енгізіліп, 13 көшенің жолдарына орта жөндеу құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Оның ішінде Қонаев көшесіне – 1420 метрге толықтай асфальт төселіп, 10 адам жұмыспен қамтылған. Ұзындығы 757 метр  болатын Мұнайшы көшесіне асфальт төселіп, Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, Бәйтерек және Абай көшесінің ұзындығы 1270 метр толықтай ескі асфальттың қабаты алынып, жаңа асфальт төселген. Орталық арқылы 3 адам жұмыспен қамтылды.

Иманбеков көшесі — 626 метр, Парасат және Әл-Фараби көшелері – 820 метр, Рысбек батыр Ы.Алтынсарин және Ш.Үлеков көшелеріне – 902 метрге асфальт жамылғысы төселіп, 7 адам жұмыспен қамтылды.

Дәл осындай Толымбаев көшесіне – 150 метрге, Жібек жолы 2 ші қиылысы көшесіне – 950 метрге, Алатау көшесіне – 312 метрге, Жібек жолы көшесіне – 2300 метрге асфальт төселген. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 адам жұмыспен қамтылған.

2020 жылдың 1 шілдесінен басталған асфальт төсеу жұмыстары басталып, белгіленген мерзімінде орындалды. Жалпы атқарылған жұмыстарды техникалық қадағалауды жүргізетін мекеме  «Амаль» ЖШС-і арқылы атқарылуда, авторлық бақылауды «ТаразДорПроект» жүргізді.

Сондай-ақ, Боранды, Тұрысбеков, Бәйтерек, Ы.Алтынсарин және Елшібаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы мен жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу құрылысы, Рысбек батыр мен Тәуелсіздік көшелері аралығындағы жаяу жүргіншілер көпірін ағымды жөндеп қалпына келтіру, М.Маметова көшесі Үсенов көшесінен және Ы. Алтынсарин көшесіне дейінгі қиылысты орта жөндеу жұмысы, С.Күшанов және Ы.Алтынсарин көшесі жолын орта жөндеу жұмыстары, Үсенов көшесі жолын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, Ақсай көшесі мен Қ.Рысқұлбеков көшесі аралығы, Боранды көшесі мен А.Иманов көшесі аралығы, Тастандиев көшесі мен Тұрысов көшесі аралығы, Күшанов пен Ы.Алтынсарин көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысы Қ.Рысқұлбеков — Абылайхан көшесі аралығына, Жібек Жолы көшесі мен Парасат көшелерінің қиылысына, Жібек жолы көшесіндегі «Жасай бер, Қазақстан!» саябағы жанына, Д.Қонаев көшесі мен В.Латиканта көшелерінің қиылысына, Сафинов көшесіндегі «МЕР» дүкені жанына бейнебақылау камерасының баптауын жалпы базаға келтіріп іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қ.Рысқұлбеков көшесі мен Абылайхан көшесі аралығындағы жаяу жүргіншілер көпірін ағымды жөндеп қалпына келтірілді. Парасат көшесіне Б.Момышұлының 110 жылдығына орай барельеф орнату, орталық алаңға Мемлекеттік рәміздер стендін, көшелердегі түнгі жарықпен қамтамасыз ету электролампаларды жөндеу ауыстыру жұмыстары, Мәңгілік Ел саябағына «Жан жүрегім Жуалы» МАФ орнатылды. Сафинов көшесіндегі арка жазуын латын әріптеріне ауыстыру жұмыстары атқарылды. Ш.Уалиханов, әл-Фараби көшелері аралығындағы жаяу жүргіншілер жолын ағымды жөндеу жұмыстары, Жамбыл көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын орта жөндеу жұмыстары, Л.Сейітбеков көшесінің бір бөлігін орта жөндеу жұмысы атқарылды.

Пахомов көшесіне фонарлар орнату арқылы жарықтандыру Әулиебастау көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстары, Б Момышұлы ауылындағы әл-Фараби көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстары, Б.Момышұлы ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын ағымды жөндеу, Б Момышұлы ауылындағы Батырбек Датқа және Б.Момышұлы ескерткіші, Жастар Аллеясы, Жасай бер Қазақсан Мәңгілік-Ел саябақтарының электр желілерін ағымды жөндеу, БМомышұлы ауылындағы Жасай бер Қазақстан колонадасы аумағына су жүргізу, Чернобыль АЭС жоюға қатысушыларға және Семей ядорлық полигонында міндетін атқарғандарға арналған ескерткіш орнату жұмыстары жүргізілді.

Б.Момышұлы ауылында айыппұл тұрағын қоршау, Латикант көшесіне автотұрақ орналастыру, Әл-Фараби көшесін қосу арқылы су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу, Абай, Шетбұлақ, Акментей көшелерін жарықтандыру, Б.Момышұлы ауылындағы жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмысы атқарылды.

Ауыл тазалығы бойынша барлық мекеме басшыларына және көше тұрғындарына көктемгі тазалық жұмыстары бойынша ұсыныс ескертпелер таратылады, келісім-шарт негізінде күл-қоқыстарды аптасына бір рет кестеге сәйкес жеке кәсіпкер «Арсенал» шығарады. Б.Момышұлы елдімекенінде табиғи газға қосылмаған сегіз отбасы анықталып, табиғи газ құбыры тартылып, газ жағуға мүмкіндік алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.