Жамбыл облысының 6 елді мекенінде су басу қаупі төмендеді

0
58

Жамбылдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті саналады. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Спикердің айтуынша, аймақ бойынша көктемгі мерзімде су басуы мүмкін 38 елді мекен бар. Олардың 28-і су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен, ал 10-ы тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр себебінен болмақ.

— Облыс көлемінде 156 гидротехникалық құрылыс нысандары орналасқан. Оның ішінде республикалық меншікте – 41, жеке меншікте – 9-ы бар. 2017-2020 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар кешені» Жол картасына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 6 елді мекенде су басу қаупі төменденді. Олардың қатарында Жамбыл ауданының Жасөркен, Қызылқайнар, Байзақ ауданының Сарыкемер, Денсаулық саяжайы, Талас ауданының Ақкөл және Үшарал ауылдары, — деді Е. Ақылбеков.

Айта кету керек, Тараздағы, Жамбыл және Байзақ аудандарының елді мекендерінде су басу қаупінің алдын алу үшін Талас өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты орындалмады. Оның ұзындығы жалпы ұзындығы 25,4 шақырым. Брифинг барысында жағалуды жөндеу жұмыстары «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына енгізілгені айтылды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here