Байзақ ауданында шағын және орта бизнес өкілдері 8,3 миллиард теңгенің мемлекеттік қолдауына ие болды

0
19

«Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2025» және өзге де кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар аясында Байзақ ауданындағы шағын және орта бизнес өкілдері 8,3 миллиард теңге мемлекеттік қолдауға ие болды. Нәтижесінде 183 адам несие алып, 841 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Пандемияның бизнестің экономикалық белсенділігін төмендететін теріс әсеріне қарамастан, шағын және орта бизнес саласында оң динамика байқалады. Аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2025» және өзге де кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар аясында шағын және орта бизнес өкілдері 8,3 миллиард теңге мемлекеттік қолдауға ие болып отыр.

Соның арқасында өткен жылы 5055 адам «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, жоспар 12,4 пайызға артығымен орындалған. Оның ішінде 2109 адам тұрақты жұмысқа орналасса, жоғарыдағы бағдарламалар шеңберінде 183 адам несие алып, 841 адам қайтарымсыз грантқа ие болды. Қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендердің 276-ын жастар, 207-ін көпбалалы аналар, 226-ын жұмыссыздар құраған. Осылайша мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаржы алдыңғы жылмен салыстырғанда 336,3 миллион теңгеге артқан.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here