«Парасат жолы» орталығы ашылды

0 0

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қолдауымен «Парасат жолы» орталығы ашылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталған жоба қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, әдеби, мәдени және шығармашылық құндылықтарын пайдалана отырып парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.

Салтанатты жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев және департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев қатысып, қатысушыларды қоғамдық кеселмен бірге күресуге шақырды.

 

Орталықта жастардың танымал ақын-жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өткізіледі. Бұл жастар мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тартуға бағытталған бірегей алаң болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.