Досбол ауылында асарлатып салынған баспана пайдалануға берілді

0 5

ZHAMBYLNEWS — 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, Досбол ауылында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша Жақсыбек Ауғанбаевтың үйі күрделі жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді.

Күрделі жөндеу жұмыстарына Досбол ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары демеушілік танытты.

Игілікті шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы барып қатысты. Ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап және осындай игі істі абыроймен атқарып, ат салысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Өз кезегінде Досбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Пернебек Алтынбеков қария және Жақсыбек Ауғанбаевтың анасы Қалия Хапизова апа «Асарлатып үй салу» жобасының негізгі бастамашысы облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа, осы жұмыстарды ұйымдастыруға тікелей басшылық жасаған аудан басшысына, ауылдық округ әкімдігіне және ат салысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.