Жамбыл облысында жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 9 мектепте құрылыстың 50 пайызы ғана орындалған

0 2

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 9 мектеп пайдалануға берілуі тиіс. Алайда, білім нысандарындағы құрылыс жұмыстарының тек 50 пайыздайы ғана аяқталған. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Ержан Жылқыбаевтың инстаграмм парақшасында жазылды, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

— Соңғы үш айда біраз шаруа атқарылды. Десе де, жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 9 мектепте құрылыстың 50 пайызы ғана орындалған. Кешеуілдеу бар. Мердігер компаниялар жұмысына жауапкершілікпен қарап, істі ширатуы керек. Мектеп құрылысы да, күрделі жөндеу жұмыстары да қарашаның 1-не дейін аяқталуы тиіс. Өйткені, екінші тоқсандағы сабақ дәстүрлі түрде жүруі мүмкін, — деп жазылған парақшада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.