Тараз қаласындағы барлық мектептердің асханаларына тексеру жүргізілмек

0 7

Алдағы күндері Тараз қаласындағы барлық мектептердің асханаларына тексеру жүргізілетін болады. Бұл туралы шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

— Күні кеше қаланы аралып жүріп, «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 3 мектеп-лицейіне ескертпей барған болатынмын. Мектеп жаңа, таза. Асханаға арнайы кірдім. Балаларға берілетін тамақтың алдын ала құйылып қоятындығын көрдім. Суыған астың асқазанға зиян екендігін ескерсек, бұл – баланың денсаулығына салғырттықпен қарағанмен тең.

Сондықтан бүгінгі кездесуге қала мектептерін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жеткізуші фирма директорларын арнайы шақырдым.

Бүкіл қаланы 3-ақ серіктестік қамтамасыз етіп отыр. Алды осы нарықта 10 жылдан бері жүр. Демек, бәсеке де, сапа да жоқ. Өйткені, ата-аналар мен балалар тарапынан ыстық тамақтың дәмі мен құнарына шағымданушылар көп. Алдағы күндері барлық мектептердің асханаларына тексеріс жүретін болады, — дейді қала әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.