«3.2.1 Старт» жобасының екінші маусымына іріктеу басталды

0
12

Елімізде «3.2.1 Старт» жобасының екінші маусымына іріктеу басталды. http://24.kz

Үміткерлердің қатысуға өтінімдері осы жылдың наурыз айына дейін қабылданады. Жоба аймақтардағы экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Үздік жұмыстар тамыз айында анықталып, жеңімпаздарға 1 және 3 миллион теңге көлеміндегі гранттар табысталады. Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Осыған қарай жоба ұйымдастырушылары олармен кездесу өткізіп, былтырғы сайыстың жеңімпаздарын өз тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.

Дінмұхамед Құрмағазин, «3.2.1 Старт» жобасының жеңімпазы:

– Мен өзім бимен 6-сыныптан бастап айналысамын. Қазірде айналысамын. 2017 жылдың тамыз айында осы би залын аштық. Қазіргі таңда 30-40 кішкентай бала, жас қыздар сонда бимен айналысып жүр.

Алима Исембаева, «3.2.1 Старт» жобасының ұйымдастырушысы:

– Еліміздің түрлі аймақтарында әлеуметтік және экологиялық мәселелер бар. Олардың шешімдерін табуға жас мамандар мен студенттер атсалысып жатады. Біздің «3,2,1 Старт» жобамыз осындай жастарға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here