Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасынан неге кетті?

0 16

КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев енді «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейтін болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәліметті  QAZAQSTAN  телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин растады.

«Біз 1 наурызда ашылатын жаңа маусымға белсенді түрде дайындалып жатырмыз. Бірнеше бағдарлама жаңартылған форматта шығатын болады. Оның ішінде «Түнгі студия» бағдарламасы бар, онда енді басқа жүргізуші болады. Нұрлан Қоянбаев өзінің шығармашылық жобаларымен айналысуды шешті.

Бұл мәселені 2017 жылдың жазында — Нұрлан Қоянбаевтың телевидение саласынан біраз уақытқа кеткісі келгенде талқылаған болатынбыз. Сонда біз Нұрланның осы жобаны жылдың соңына дейін жүргізетінін шешкен едік. Оған осы үшін алғыс айтқым келеді. Енді «Түнгі студия» жаңа форматта шығатын болады», — деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, ол «Түнгі студияда» бағдарламасының жүргізушісі кім болатыны жақын арада мәлім болатынын айтты. Телерадиокорпорация төрағасының айтуынша, Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» жобасынан және QAZAQSTAN телеарнасы бас продюсері қызметінен қаңтар айында кетті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұрлан Қоянбаев шетелде жүр. Сондықтан Tengrinews.kz тілшісіне жобадан кетуіне байланысты пікір білдірмеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.