Облыста білімгерлерге арналған орталық ашылды

0 0

Бүгін Жамбыл облысында Наурыз мерекесі тойлануда. Айтулы күні жаңадан пайдалануға берілген «Жастар» аллеясында «Білім алаңы» ашылды. Ол – рухани ой-сана орыны болмақ, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мұнда алдағы уақытта әр жылы «Білім» күні салтанат құрады. Жыр оқылады, әдеби әлемдегі  Абай мен Жамбыл, Мұқағали, Әуезов, Мүсірепов секілді, тағы басқа ақын жазушылардың оқуларын өткізу өз үрдісін табады. Түрлі интелектуалды пікір сайыстар  өтетін болады.

Айта кетейік, білім алаңының жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайды.  Онда 600 орындық ашық аспан астындағы амфитеатр орналасқан. Амфитеатр сахна 14 бағанадан тұратын арка негізінде бой көтерді. Оның ұзындығы – 42 метр, ені – 16 метр. Ал, биіктігі – 12 метр. Бағаналар бағалы тровертин-табиғи тасымен қапталған. Бағана үстіндегі маңдайшаның сыртқы үш жақтауына үш тілде  білім туралы қанатты сөздер жазылған. Атап айтар болсақ, латын қарпіндегі қазақ тілінде: « Білім – өмір шырағы», көне түрік тілінде: «Білімсіз күнің жоқ», ағылшынша: «Күш атасы – білімде» деп жазылған.

Тағы бір жаңалық. Аталмыш амфитеатрдың орындықтарымен жоғары қарай көтерілетін баспалдақтарының шеттеріне орналасқан тумбаларға көне шаһарымыздың атын әлемге танытқан айтулы тұлғаларымыз – әл-Таразилардың мүсіндерін қою ойластырылып отыр. Бүгінгі күні тарихшылар арнайы зерттеулер жүргізіп, «әл-Тарази» есімін иеленген 48 тұлға болғанын анықтаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.