Қазақстанда киіктердің көбею үдерісіне мониторинг дронның көмегімен жүргізіледі

0 3

Қазақстанда киіктердің популяциясына мониторинг дронның көмегімен жүргізіледі, деп хабарлайды«ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ақмола облысының Қабанбай ауылында бүгін «К-Каспий құбыр желісі консорциумы» АҚ-ның ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомостволық құрылымдарына сыйға тартқан Supercam S350 ұшқышсыз ұшатын аппаратының таныстырылымы өтті.

«Дрон 4,5 сағат бойы үздіксіз ұша алады және оның көмегімен киіктердің таралуына жүргізілетін мониторинг аумағы кеңейе түспек. Аппарат фото және видеотүсірілім жасап, 90 км ара қашықтықта мәліметтер жібере алады»,-деп хабарлады өзінің Facebook-тегі парақшасында министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Аталмыш шараға қатысқан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі КТК-К компаниясына өте қажетті дүниені сыйға тартқаны үшін алғысын білдірді. Аппарат киіктердің таралу деңгейін анықтау жұмыстарына серпін беріп, өте кең ауқымға мониторинг жүргізуге эағдай жасайды.

Әуеден жүргізілген есеп бойынша 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы киіктер саны 334 мың басты құрап, өсім 56% жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.