«Қазақстанның Еңбек ері» өмірден өтті

0 34

Жамбыл облысының құрметті азаматы, «Қазақстанның Еңбек ері», «Шәушен» ша­руа қожалығының басшысы Сай­рамбай Дөненбаев дүние салды, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Сайрамбай Әлімқұлұлы Дөненбаев 1965 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Алғабас совхозы, Жарлысу бөлімшесінде дүниеге келген.

1972 жылы Жарлысу сегізжылдық мектебінде, одан кейін Жамбыл қаласындағы А.С.Макаренко атындағы мектеп-интернатында оқыған.

1983-1985 жылдары әскери борышын өтеп келген соң, 1986-1993 жылдары Алғабас совхозында шопан болып, мемлекеттің малын бақты.

1993-1996 жылдары Алғабас совхозында ферма меңгерушісі, зоотехник болып қызмет атқарды.

1997 жылдан «Шәушен» ШҚ құрып, басқарып келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы Жарлығымен «Тәуелсіздікке 10 жыл!» мерекелік медалімен, 2003 жылы Ел Президентінің 8 желтоқсандағы жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы Жарлығымен «Тәуелсіздікке 20 жыл!» мерекелік медалімен марапатталған.

2012 жылы «Парыз» медалімен, 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталса, 2012 жылы 13 наурызда ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, 2013 жылғы 31 қазанда «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2014 жылы 7 ақпанда «Ұлт даңқы» орденін кеудесіне тақты. «Шәушен» шаруа қожалығы «Парыз-2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша күміс жүлдегер атанды.

Туған ауылына қамқорлығын аямайтын жомарт жан алғаш рет 2010 жылы Жарлысу ауылына «Мұрат баба» мешітін салып, халық игілігіне берді. 2012 жылы ЖСҚ 150 млн. теңгені құрайтын 40 орындық интернат құрылысын салып, мемлекет меншігіне өткізді. 2014 жылы ЖСҚ 50 млн. теңге тұратын «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары мен 1941-1945 жылдардағы ҰОС жауынгерлеріне арналған саябақ пен мемориалды тақта салып берді. 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы» аясында өткен ат бәйгесі ойындарына 10 млн. теңге және ауданның қорына 500 000 теңге қаржы аударды.
2017 жылы Жарлысу ауылынан жобалық-сметалық құны 250 млн. теңге болатын 92 орындық «Тәттімбүбі» бөбекжай-бақшасын салып, халық игілігіне ұсынды. Ауылда ұлттық ат спорты өнерін дамытуға да үздіксіз қаржылай көмек беріп келеді. Жас көкпаршыларды даярлауға 1 млн. теңге қаржы бөлген. Қымыз өндіретін зауытты іске қосып, «Қымызбен емдеу-сауықтыру демалыс орталығы» жұмысын қолға алды.

Жарлысу ауылындағы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына жыл сайын үздіксіз демеуші боп, жанашырлық танытып жүр. Туған жерге туын тіккен ауданның «Атымтай жомарты» Сайрамбай Әліқұлұлы-біздің мақтанышымыз!

2018 жылы «Қазақстанның Еңбек ері» атағын алды.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін, аса белсенді қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік-«Алтын Жұлдыз» бен «Отан»ордені иегері, «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.