Білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру ережесіне өзгерту енгізді

0
45

Білім және ғылым министрлігі білім ошақтарында тамақтануды ұйымдастыру ережелеріне өзгертулер енгізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өзгертулер ведомство басшысының 24 мамырдағы № 231 бұйрығында көзделген.

Бұйрық жобасы бойынша білім саласын басқару органдары мен орта білім беру ұйымдары интернет ресурстарда «Мектептегі тамақтану» айдарын ашып, онда тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде жүйелі түрде ақпарат орналастыруға міндеттеледі. Мұндай ақпаратқа күнделікті мәзір, тамақтың фотосуреті, жұмыс жоспары, тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссиялардың актілері, ведомствоаралық сараптамалық топтардың қорытындылары жататыны көрсетілген.

«Орта білім беру ұйымының басшысы білім беруді басқару органы бекіткен перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын мәзірді бекітеді және оны асханада, білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде орналастырады», — деп жазылған бұйрықта. Ал қызмет көрсетуші ұйым ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен бірге білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынып отыруы керек. Сондай-ақ, ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылар қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасы мәзірде көрсетілген бағадан 10% арзанға ұсынылу керектігі айтылған. «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін құруды көздейді, оны конкурсты ұйымдастырушы заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырады», — деп жазылған құжатта. Бұйрық 10 маусымнан бастап күшіне енеді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here