Денис Тен өліміне қатысты күдіктілердің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

0 3

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдіктілер түсірілген видео желіде таралды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ELnews.kz сайтына сілтеме жасап.

https://youtu.be/NrZdDczHP7w

Кадрда асыға басып бара жатқан екі жігіттің бейнесі көрінеді. Әзірше бұл мәселеге қатысты тиісті органдар хабарлама таратқан жоқ.

Еске сала кетсек, бүгін түсте жедел жәрдем қызметі станциясына пышақпен жарақаттанған адам туралы шақыру келіп түскен. Денис Тенді жедел жәрдем бригадасы қалалық Орталық клиникалық ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанын аман алып қалу үшін бар күштерін салып күресті.

Өкінішке орай, талантты спортшы Денис Тен ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.