Қыстық аяқ киімдерді қалай сақтау керек?

0 11

Қыстың қаһары басылып, көктемнің жайдары сезіле бастады. Қыстық киімдерді шешіп, көктемгі стильге ауыстық. Жеңіл киіммен көңіл де желпіне түсті. Ал қыстан қалған киімдерді қайтпек керек? Тозғанын тастап, жаңасын сақтап қойған абзал. Осы орайда қыстық аяқ киімді қалпында қалай сақтау керегі жайлы айта кетпекпіз.

Бауын жуу

Қыстық аяқ киіміңіздің бауы болса, бірінші соны жуу керек. Кір кетіретін түрлі сабын мен тазалағыш ұнтақтарды пайдалансаңыз болады. Біраз уақыт кір жууға арналған ұнтаққа салып қойсаңыз да болады. Сосын кептіріп барып, қорабына салған жөн.

Ұлтарағын тазалау

Егер қыстық аяқ киіміңіздің ұлтарағы алынатын болса, оны да тазалап жуған абзал. Желімделген болса да, қатты ластанса алып жуу керек.

Табанын тазалау

Бауы мен ұлтарағын жуғаннан кейін етіктің табанын қараңыз. Қатты лас болмаса да, бір жуыңыз. Сосын кептіріп барып қорабына салыңыз.

Қорғайтын спрей себу

Қыстық етігіңізді тазалап болған соң ылғалдан, ыстықтан қорғайтын спрей сеуіп қойған жөн. Бұл көбірек көмегін тигізеді. Егер етік жылтыр былғары немесе лакты болса, арнайы кремдерімен майлап қойыңыз. Ал спрейді тек сыртына себіңіз.

Аяқ киімнің ішіне газет салып қою

Аяқ киімді ұзақ уақыт сақтағанда ішіне газет немесе пенопласт салып қоюды ұмытпау керек. Салмаған жағдайда сыртқы қалпы бұзылуы бек мүмкін. Кейін кигенде аяқты қысып қажайды.

Жоғарыда айта кеткен әрекеттерді орындағаннан кейін аяқ киімді қорапқа салып сақтап қою керек.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.