Қазақстанда алдағы қыс қандай болады

0
1984

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын айтты. Мамандардың болжамынша, қыстың алғашқы екі айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алдын ала болжам бойынша қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек еліміздің батыс және шығысында норма шамасында болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, тек қиыр оңтүстікте және солтүстік-шығыс аудандардың кей жерлерінде нормадан көп, республикамыздың оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанады», – дейді гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт.

Биылғы қыс қандай болады: Жұлдыз жорамалшылар мен табиғатпен тілдесетіндердің болжамы >>>

Оның сөзінше, қыстың алғашқы екі айында республикамыздың басым бөлігінде салыстырмалы жылы ауа райы болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С-қа төмен күндер де болуы мүмкін.

«Қазақстан аумағы бойынша циклондардың және олармен байланысты атмосфералық фронттардың жиі өтуіне байланысты желтоқсан айы жауын-шашынды болады деп болжанады», – дейді Шмидт.

Ал гидрометорталықтың ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова атап өткендей, ақпан айында Карск теңізі аудандарынан суық ауа массаларының жиі басып кіруі және Сібір антициклонының орнатылуымен Қазақстан аумағындағы ауа температурасы нормадан 1-2°С төмен болуы ықтимал. Республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын аз болады, солтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында болады деп күтіледі.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here