Адамның жас атаулары

0 7

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте. 1 жастан 10 жасқа дейін – сәби. 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек. 1 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін. 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса. 6 жастан 7 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек. 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім. 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен. 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз. 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек. 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте. 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел. 60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже. 70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым. 80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария. 90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір. 100 жастан жоғары – кейуана, баба.

Мүшел жас 1 — мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 2 — мүшел – 25 жас (жігіттік жас). 3 — мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау). 4 — мүшел – 49 жас (орта жас). 5- мүшел – 61 жас (орта жас). 6 — мүшел – 73 жас (қарттық). 7 — мүшел – 85 жас (кәрілік). 8 -мүшел – 97 жас (қалжырау). 9 — мүшел – 109 жас (шөпшек сүю). 10 — мүшел – 121 жас (немене сүю).

Жас сипаты 10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған. 10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған. 20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған. 30 жас – орда бұзар. 40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар. 50 — ел ағасы, ердің жасы. 60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс. 70 жас – жетпістің белгісі. 80 жас – сексеннің сеңгірі.

 Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.