Түйіршіктегі шайдың зияны

0
591

Қазір шай жапырақтарын суда қайнатпай-ақ оның түйіршіктегі дайын түрін сатып алуға болады. Алайда оның зияны жөнінде көп адам біле бермейді.

Шайды қалташаларға орауды кім ойлап тапты? Бұл жайлы бірнеше пікір бар. Кейбір жазбаларда 780 жылы қытайлық Лук Лудың шайды жұқа қағазға орап дайындағаны жазылған. Басқалары шай қалташалары соғыс кезінде кездейсоқ пайда болды деп жатады. Оны ресми тек 1952 жылы “Липтон” компаниясы патенттеді.

Түйіршіктегі шайды жасаушылар қағаздың орнына пластикті жиі қолдана бастаған. Оны байқау оңай. Пластиктен жасалған түйіршік торлы әрі берік болып келсе, қағаз түйіршіктер керісінше тез жыртылады. Scientific American басылымы Канаданың Монреаль қаласындағы дүкендерден зерттеу үшін түйіршіктегі шайдың төрт түрін сұрыптап алған. Зертханада бос түйіршіктерді 95 градус ыстық қайнатылған суға салып, бес минуттан соң сұйықтықтың құрамын зерттеген.

Ғалымдар қайнатылған судан микропластиктің екі түрін тапқан. Әр тостағанға шамамен 11,6 миллиард микропластиктің бөлшегі түседі екен. Олардың көлемі 100 нанометрді құрайды. Бұл адамдардың пластикті түйіршіктегі шайды қолданған кезде ағзасына микропластик қоқыстардың түсетінін білдіреді.

Әзірге ғалымдар пластикті түйіршіктегі шайдың адам ағзасына нақты қандай зиян келтіретінін анықтаған жоқ. Дегенмен микропластик ағзаға түссе қауіпті химиялық заттарды бөліп, бауырды зақымдайтыны белгілі.

Әрине, қалташадағы шай тек пайдалы не тек зиян деп айтуға болмайды. Бұл оның түріне, сапсына, құрамына байланысты болады. Шайдың сапасын тексеру үшін оны суық суға малып көріңіз. Су дем арада қызарып кетсе, демек бұл шай боялған. Оның сапасы нашар, дәмі де ойдағыдай емес.

Massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here