Темекіні тастағаннан кейін…

0 2

Темекінің денсаулыққа зиян екендігін барлығы біледі, бірақ оны тастаған кездегі жақсы нәтижеге көбісі сене бермейді. Ол – темекі тастаудың қиынға түсуінің бір себебі. Егер темекіні қазір тастасаңыз, сізге не болатынын оқыңыз.

— 20 минуттан соң артериялық қысымыңыз қалыпқа келеді.

— 8 сағаттан соң тұншықтырғыш газ деңгейі екі есеге азаяды, ал оттек деңгейі қалыпқа келеді.

— 48 сағаттан соң жүрек ұстамасы қаупі төмендейді. Ағзадан никотин толықтай шығады, иіс пен дәм қабылдауыңыз қалпына келеді.

— 72 сағаттан соң бронх кеңейеді, дем алу көлемі үлкейеді.

— 2 аптадан соң және одан кейінгі 10 апта бойы қан айналым жақсарады.

— 3-9 айдан соң таңғы жөтел жоғалады, өкпенің өмірлік сиымдылығы 10%-ға артылады.

— Бір жылдан соң жүрек ұстамасының болу қаупі екі есеге азаяды.

— 5 жылдан соң инсульт алу қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды.

— 10 жылдан соң өкпе рагының даму қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды.

— 15 жылдан соң жүрек ұстамасы қаупі темекі тартпайтын адамның қаупіне оралады.

massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.