Тұрар Рысқұлов ауданында Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

0
17

“Отбасы – бақыт мекені” атты республикалық апталық аясында Тұрар Рысқұлов ауданында Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды. Бұл өңірде ашылған 18-ші үй, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны Ботагөз Бакеева өзінің 4 баласымен қоса, Өмірлік қиын жағдайға қалған балаларды қолдау орталығының 8 тәрбиеленушісін бауырына басты.

Бүгінде аталған орталықта 64 бала тәрбиеленуде. Бұл цифр жыл сайын азаюда. Басты себеп – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыста Жамбыл, Мерке аудандары мен Тараз қаласында құрылған отбасы үлгісіндегі балалар үйлері оң нәтижелерін көрсетуде.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here