Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0 40
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Кұдайберген Қорғанбаев  тағайындалды , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
2006 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Инженер» мамандығын тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2008-2012 ж.ж. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында Электр энергетикасы және газдандыру бөлімі бас маманының міндетін атқарудан бастаған.
2012-2013 жылдары — ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Техникалық реттеу бөлімінің бас маманы болған.
Ал 2013-2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
2017 жылы «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медаль иегері атанған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.