Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті

0
8

Бүгін облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің орынбасары Д.Кәрібек төрағалық еткен жиында ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің пайдаланылуы және қолданылуына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Зерделеу нәтижесі туралы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Жамангозов баяндады.

Зерделеу жұмыстары Тараз қаласы мен аудандардағы жергілікті атқарушы органдар мен білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласына қарасты 178 мекемеге жүргізілген.

Тексеріс барысында аудан әкімдіктерінің ішкі саясат, білім бөлімдерінің және полиция басқармаларының қызметкерлерінен арнайы инспекциялық топ құрылып, бірқатар кемшіліктер анықталған. Кемшіліктер бойынша дер кезінде түзету жұмыстары жүргізілген.
Ал Мемлекеттік Туды теріс ілу бойынша Тараз қаласы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы және Жамбыл ауданында орын алған деректер кемшілік орын алған сәтте бірден түзетіліп, жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылған.

Сонымен қатар, отырыс барысында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов білім мекемелерінде Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жұмыстары бойынша баяндаса, Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Садубаев және Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Н.Нұралиев аудандарда атқарылған жұмыстар барысымен бөлісті.


Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Д.Кәрібек мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың басшыларына Мемлекеттік Рәміздердің жай күйін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін латын графикасындағы «QAZAQSTAN» сөзімен жазылған мемлекеттік Елтаңбаларды ауыстыру жұмыстары мөрлер мен ресми құжаттарда жүргізілетіндігін, бұл бағыттағы жұмыстарды уақытылы аяқтау қажет екендігі туралы нақты тапсырмалар жүктеді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here