Ағымдағы жылдың 27-28 наурызында Шу ауданы Төле би ауылында «Қоғамдық келісім» КММ «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық коучинг өтті.
Аталмыш жиынға мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті тұрғындар, жастар және этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми — сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков модераторлық еткен семинар тренингте М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушылары, психология ғылымдарының магистрлері Айгүл Абдрахманова мен Мадина Мыркасымова «Лудомания – XXI – ғасыр дерті» және «Жасанды интеллект: Қарым-қатынасқа жаңа көзқарас» тақырыптарында арнайы дәрістер оқып, тренингтер жүргізді.
Заманның талабына сай қоғамның түрлі дертіне айналған амалдардан алшақтатуға бағытталған семинарда екі күн бойы қатысушылардың сан — сауалдарына мамандар тарапынан мандырымды жауап берілді. Жас жеткіншектерді жаман әдеттен арылту мақсатында түрлі тақырыптар қозғалып, олардан арылу және алдын алу шаралары турасында өзара пікірлер мен ұсынытар айтылды.
Оқыту семинарлары бұдан әрі этностар шоғырланған аудандарда, елдімекендерде, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер және басқа да жиындарда жалғастырылатын болады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы